2019 жылдың 3 ақпанында Владимир Савва атындағы № 9 жалпы білім беретін мектепте лицейінде «Жүректен жүрекке» қамқорлық акция аясында қайырымдылық концерті өтті.
Акция мақсаты: әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына,жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету,оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу мақсатында мұғалімдер және ата- аналар тарапынан қолдау көрсету.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері, Владимир Савва атындағы № 9 жалпы білім беретін мектепте лицейінің директоры, қамқоршылық кеңесі мүшелері, мектеп әкімшілігі және мектеп ұстаздары қатысты. Іс-шараны мектеп директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Османов Айваз Магодиевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Касымова Мағрипа Жармұхамедқызы құттықтау сөзімен ашты.Акция барысында 1-11 сыныбының дарынды оқушылары өнерлерін көрсетті Кеш соңында келген үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға сыйлықтар тарту етілді.