« Мектепке жол» қайырымдылық шарасы республика, жергілікті аймақтарда кең көлемде шарықтауда.
Акция - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету, қол ұшын созу мақсатында « Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізілуде.
Аудан көлемінде акция аясына төменегідей іс-шаралар ұйымдастырылды:
Аудан мектептерінде тұрмысы төмен ,аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балаларды анықтау мақсатында 90 рейдтік іс-шара жүргізіліп, оған 148 тұлға қатыстырылды,1166 үй араланып, оған 297 мұғалім қатысты;
Мектептерде әлеуметтік мұқтаж балаларға көмектер ұйымдастырылды, сонымен қатар акция аясында «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдасқан түрде өткізілді. Міне осы орайда акция барысына бір атаның баласындай көмекке қол ұшын созып, қайырымдылық көрсете білген азаматшаларымыз бен азаматтарымызды айта кету жөн.
Олар : жеке кәсіпкер Аубакирова Алия Нәметқазықызы 100 оқушыға 1420000 теңгеге( № 1,4,12,14,19,20,22,23,35,48ЖББМ),Владимир Савва атындағы №9 мектеп –лицейге жеке кәсіпкер Шидаков Заур, мектеп ұжымы, «Еврострой» құрылыс дүкені Мавлюдов Васив 700000 теңгеге, Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 жалпы білім беретін мектепке жеке кәсіпкер Айтуленов Дастан 20 оқушыға 500000 теңгеге №30 жалпы білім беретін мектебіндегі аз қамтамасыз етілген отбасылардың 4 оқушысына 250000 теңгеге жеке кәсіпкер Азимхан Алимбековтер отбасы, жалпы демеушілердің көмегімен оқушыларға мектеп формалары, оқу құралдары алынып берілді .
Ауданда акцияға алғашқы қатысушылардың құрамын ата-аналар комитеттері мен мектеп ұжымдары және кәсіпкерлер құрап отыр.
Бала – біздің болашағымыз. Әр балаға таным қабілеттерін, шығармашылық потенциалын дамыту және жан-жақты дамуына мүмкіндік бере отырып, қамқорлы қоршауда тәрбиеленуге қажетті ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуіміз қажет.
Бүгінде балаларымыздың болашағына бейтарап қарамай, мүмкіндігінше «Мектепке жол» акциясы аясында қолдау көрсетіп, көмек беретін азаматтар әлі де болса акциядан шет қалмай, қол ұшын беретін ауданның азаматтарына сенім артамыз.
Акция өз жалғасын табуда.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
әдіскері М. Ж. Қасымова