Best педагог регламентін бекіту туралы.kaz » Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Qaz | Rýs | Engl
Меркі ауа райы C

Cоңғы жаңалықтар

09:33
АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «РОБОТОТЕХНИКА» РОБО-СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
17:58
МЕРКЕНСКИЕ ПЕДАГОГИ НА ПЬЕДЕСТАЛЕ ПОБЕДЫ
17:56
МЕРКІЛІК ПЕДАГОГТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
17:35
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
10:37
« МЕКТЕПКЕ ЖОЛ » ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
14:36
1 ИЮНЯ В ЧЕСТЬ МЕЖДУНАРОДНОГО ДНЯ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ НА ЦЕНТРАЛЬНОЙ ПЛОЩАДИ РАЙОНА РАЙОННЫМ ОТДЕЛОМ ОБРАЗОВАНИЯ БЫЛ ПРОВЕДЕН ПАРАД ДЕТСКИХ АНСАМБЛЕЙ
14:29
1 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ
10:43
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ
16:07
UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
16:20
КОНКУРС «КӨШБАСШЫ ӘДІСКЕР»
12:58
«НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ»
10:00
ТАПАЛОВ ДИМАШ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
12:38
ПРОВЕДЕН ВЕСЕННИЙ ДВУХМЕСЯЧНИК ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ, ОЗЕЛЕНЕНИЮ И САНИТАРНОЙ ОЧИСТКЕ
12:37
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
12:33
БЫЛ ПРОВЕДЕН РАЙОННЫЙ КОНКУРС ЮНЫХ ТЕХНИКОВ
12:31
ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:29
ЛУЧШАЯ ЧИТАТЕЛЬСКАЯ ШКОЛА
12:27
«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:25
РАЙОННЫЙ СЕМИНАР НА ТЕМУ: «ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ КУРСА «СВЕТСКОСТЬ И ОСНОВЫ РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ»
12:23
ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
Көп жаңалықтар
» » Best педагог регламентін бекіту туралы.kaz

Best педагог регламентін бекіту туралы.kaz

732
0

"Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 107-1677 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қарашада № 1190 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. "Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі

Б. Сұлтанов

 

 

Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 107-1677 қаулысына
1-қосымша

 "Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы "Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі. "Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" регламенті "Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Science, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Best педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 11058 болып тіркелген) бекітілген "Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – "Best педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы еркін нысандағы қолхат, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
  7. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш пен Стандарттың 9-тармағында көзделген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
  8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      I кезең – Астана қаласы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері кеңсенің жауапты маманына құжаттар пакетін тапсырған кезде – жыл сайын сәуірде;

       1) кеңсенің жауапты маманы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдайды және тіркейді және құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді – 20 (жиырма) минут.

      II кезең – кеңсенің жауапты маманы құжаттарды Қазақстан Республикасының Ministry of Education and Scienceне тапсырады – жыл сайын тамыз-қыркүйекте.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрбір рәсімі (іс-қимылы) реттілігінің сипаттамасы осы Regulationsке қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

 

"Best педагог" атағын беру
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы





© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: