Мектепалды даярлықта білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары » Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Qaz | Rýs | Engl
Меркі ауа райы C

Cоңғы жаңалықтар

09:33
АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «РОБОТОТЕХНИКА» РОБО-СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
17:58
МЕРКЕНСКИЕ ПЕДАГОГИ НА ПЬЕДЕСТАЛЕ ПОБЕДЫ
17:56
МЕРКІЛІК ПЕДАГОГТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
17:35
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
10:37
« МЕКТЕПКЕ ЖОЛ » ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
14:36
1 ИЮНЯ В ЧЕСТЬ МЕЖДУНАРОДНОГО ДНЯ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ НА ЦЕНТРАЛЬНОЙ ПЛОЩАДИ РАЙОНА РАЙОННЫМ ОТДЕЛОМ ОБРАЗОВАНИЯ БЫЛ ПРОВЕДЕН ПАРАД ДЕТСКИХ АНСАМБЛЕЙ
14:29
1 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ
10:43
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ
16:07
UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
16:20
КОНКУРС «КӨШБАСШЫ ӘДІСКЕР»
12:58
«НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ»
10:00
ТАПАЛОВ ДИМАШ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
12:38
ПРОВЕДЕН ВЕСЕННИЙ ДВУХМЕСЯЧНИК ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ, ОЗЕЛЕНЕНИЮ И САНИТАРНОЙ ОЧИСТКЕ
12:37
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
12:33
БЫЛ ПРОВЕДЕН РАЙОННЫЙ КОНКУРС ЮНЫХ ТЕХНИКОВ
12:31
ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:29
ЛУЧШАЯ ЧИТАТЕЛЬСКАЯ ШКОЛА
12:27
«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:25
РАЙОННЫЙ СЕМИНАР НА ТЕМУ: «ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ КУРСА «СВЕТСКОСТЬ И ОСНОВЫ РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ»
12:23
ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
Көп жаңалықтар
» » Мектепалды даярлықта білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары

Мектепалды даярлықта білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары

Жаңалықтар
1 850
1

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепалды даярлық тобы мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепалды даярлық тобы болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.

Осыған орай Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде мектепалды даярлық сыныптарына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық  мектептерден 38 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты – мектепалды даярлық сыныптарында білім берудің сапасын арттырудың  тиімді жолдарына бағыт-бағдар беру.

 
  

Семинар аясында  тренинг, баяндама, сюжетті рөлдік ойын  және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Атап айтсақ,  тәрбиеші Б.Молдакулова «Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі», тәрбиеші Г.Исекеева «Жолда нені көреміз? Бүтін және бөліктер», ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Зейнелова «Му family» тақырыптарында сабақтар көрсетті.  

Тәрбиеші Г.Исекееваның ұйымдастыруымен «Аурухана»  тақырыбында сюжетті рөлдік ойынын тамашалап, Б.Молдакулованың «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. 

Семинарға қатысушылар жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және  инновациялық технологиялар арқылы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың  жолдарымен танысты.

Білім беру стандартының жаңалықтары, оқу жоспарының мазмұны, бағалау үлгісі және оқу материалдарын жаңарту сияқты тың мәселелер ортаға салынып, қатысушылар арасында қызу  талқы тудырды.

Feedback қорытындысы бойынша мұғалімдер семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

1 комментарий

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: