Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен №18 А. Қосанұлы атындағы тірек мектеп базасында 2017 жылдың 28 казан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жузеге асыру мақсатында «Жастардың рухани – адамгершілік құндылықтарын жаңғырту» атты аудандық оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирі өтті.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында оқушылар арасында білімді,білікті,тапқыр,ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансуйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылар өзара тәжірибе алмастыруына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу мақсатында болып өтті.
Пікірсайыстың ашылуын орталықтың директоры Шағатаева Кулайым Жексенбіқызы бастап, Жамбыл облыстық пікіррсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бір топ мүшелерімен таныстырып. Өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Пікірсайысқа аудан мектептерінің 29 мектеп қатысып, 5 кезең өткізілді. Қортындысы бойынша
І орынды № 39 ОМГ «Айқап» тобы
ІІ орынды «Ақиқат39» тобы
ІІІ орынды №17 ОМГ «Самға», №21 ОМ «Болашақ» топтары жүлделі сыйлықтарға иеленді.
«Best төреші» номинациясына Қайратқызы Нәр марапатталды.