Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебінде 1.10.2018 ж. күні «Жас Ұлан» басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға 2-4, 5-7 сыныптар арасында оқушылар қатысты. Мерекелік іс-шараға ауыл ақсақалдары мен ата-әжелері шақырылып, ол кісілерге сөз беріліп, оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Оқушылар мерекелік іс-шараға белсене қатысып, ән, би және әр сыныптан құралған топтар өз өнерлерін ортаға салып, қарттардың және ауылдағы ата-әжелердің көңілдерінен шыға білді. Акермен ауылдық округінің әкімі Сатыбалдиев Алпыс Тағыбайұлы өз сөзінде қарттарды мерекелерімен құттықтай отырып, ардагерлерге әрдайым қамқорлық көрсетілетінін айтып өтті. Тек осы күні ғана емес, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Өйткені, олар өміріміздің жарқын болуына ерекше үлес қоса білді. Мерекелік іс-шара шеңберінде ардагерлер, оларға қалтқысыз қызмет жасаған мектеп оқушыларына шексіз алғыстарын жаудырды.