Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін орта мектептерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018-2019 жылдарға жоспарланған іс-шара тізбесіне сәйкес «Сыйлыққа кітап - В подарок-книга» атты кітапханаларға ерікті түрде кітапты өткізу акциясының ашылу салтанаты өтті. Аталған акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар барлығы 11321 адам қатысты. Акцияға қатысушылар акцияның мақсатымен таныстырылып, жобаны қолдайтындарын айтты. Акция барысында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда аудан мектептеріне 778 дана кітаптар сыйға тартылды.