Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың желтоксан айында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп базасында «Халықаралық зерттеу: дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өттілді. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің үйлестірушілері мен бастауыш сынып мұғалімдері және математикалық ғылыми жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.