2019 жылдың 29 наурыз күні Жамбыл облысы Меркі ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты аудандық ҮІІІ спартакиада өтті.
Спрартакиаданың мақсаты – 2019 жыл - жастар жылына орай, білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, насихаттау, спортты қолдау.
Спартакиада 2019 жылдың 15 наурызынан бастап волейбол, кіші футбол, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі бойынша аймақтық кезеңі өтіп, 29 наурыз күні армрестлинг, жеңіл атлетика, асық ату, кір тасын көтеру бойынша спорт түрлерінен өткізілді. Жалпы аудан бойынша 680 білім қызметкерлері қамтылды.
Ашылу салтанатында спартакиаданың алауы жағылып, барлық қатысушылар флешмобқа тартылды және мектептерден келген команда шеруі өтті.