Бұл күнде білімді ұрпақ ел болашағы деген санамызда қалыптасқан жақсы қағида бар. Соның бір айқын дәлелі №4 Тілеміс батыр орта мектебінде «Дарынды балаларды айқындау мен дамытудағы ғылыми әдістемелік қызметті ұйымдастыру» тақырыбында үлкен ауқымды семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты: Оқу үрдісінде жеке тұлғаның ғылыми ізденушілікпен зерттеу әдістерін үйретуде қызығушылығын қалыптастыру. Шығармашылық қабілетін ашу мен дамыту мақсатындағы ғылыми әдістемелік қызметті ұйымдастыру жолында мұғалімдермен тәжірбие алмасу. Семинар практикумының ашылуын мектебіміздің директоры Е.Ә.Жұматаев аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Т.Бопиева аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б.Байтулекова өздерінің ыстық ықыласын білдіріп, мектебіміздің алған асулары туралы жеткен жетістіктерін бірқатар тізіп атап айтып ,келер күнде биік белестен көреміз деп үлкен сенімін білдірді.
Семинар барысында директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: К.А.Азатов «Дарынды балаларды айқындау мен дамытудағы ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
К.Садыбекова, А.Оңалбаева Келген қонақтарға коучинг ұйымдастырып, өзекті тақырыптарды ортаға салды. «Көңіл көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында мектеп психологы Г.Куралбаева психологиялық тренинг өткізді. Дарынды балалармен психологиялық тұрғыдан жүргізілетін жұмыстар жайлы шеберлік сағатымен мектеп психологы А.Шакарова семинарды жалғастырды.
«Рухани жаңғыру ұлт жаңғыруы тақырыбында әдеби сазды кеш дарынды оқушылардың күмбірлеген күйімен,әсем әнімен,әдемі жыр маржандарымен өрбіді. Семинарға келген қатысушылар,ұсыныстарымен алған әсерлерін айтып,өз ой пікірлерімен алмасты. Қорытындылау барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б.Байтулекова семинар барысында өткізілген барлық іс шаралар, дарынды оқушылардың жеткен жетістіктері, барлығы мектеп ұжымының ұстаздардың еңбегі, толағай табысы деп бірқатар мұғалімдерді марапаттады. Соның ішінде тарих пәнінің мұғалімі Оңалбаева Айнұр, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азатов Кәдірхан Азатұлы, мектеп психологы Г.Куралбаева, математика пәнінің мұғалімі К.Садыбекова, мектеп психологы А.Шакарова аудандық білім бөлімінің басшысы С.Есеновтың Алғыс хатымен марапатталды.