Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен танысу » Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Qaz | Rýs | Engl
Меркі ауа райы C

Cоңғы жаңалықтар

09:33
АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «РОБОТОТЕХНИКА» РОБО-СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
17:58
МЕРКЕНСКИЕ ПЕДАГОГИ НА ПЬЕДЕСТАЛЕ ПОБЕДЫ
17:56
МЕРКІЛІК ПЕДАГОГТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
17:35
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
10:37
« МЕКТЕПКЕ ЖОЛ » ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
14:36
1 ИЮНЯ В ЧЕСТЬ МЕЖДУНАРОДНОГО ДНЯ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ НА ЦЕНТРАЛЬНОЙ ПЛОЩАДИ РАЙОНА РАЙОННЫМ ОТДЕЛОМ ОБРАЗОВАНИЯ БЫЛ ПРОВЕДЕН ПАРАД ДЕТСКИХ АНСАМБЛЕЙ
14:29
1 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ
10:43
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ
16:07
UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
16:20
КОНКУРС «КӨШБАСШЫ ӘДІСКЕР»
12:58
«НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ»
10:00
ТАПАЛОВ ДИМАШ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
12:38
ПРОВЕДЕН ВЕСЕННИЙ ДВУХМЕСЯЧНИК ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ, ОЗЕЛЕНЕНИЮ И САНИТАРНОЙ ОЧИСТКЕ
12:37
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
12:33
БЫЛ ПРОВЕДЕН РАЙОННЫЙ КОНКУРС ЮНЫХ ТЕХНИКОВ
12:31
ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:29
ЛУЧШАЯ ЧИТАТЕЛЬСКАЯ ШКОЛА
12:27
«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:25
РАЙОННЫЙ СЕМИНАР НА ТЕМУ: «ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ КУРСА «СВЕТСКОСТЬ И ОСНОВЫ РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ»
12:23
ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
Көп жаңалықтар
» » Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен танысу

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен танысу

Жаңалықтар
771
9

 10 қаңтар 2018 жылғы ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауын Меркі ауданы әкімігінің білім бөлімінің басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы және аудан білім бөлімі қызметкерлері 2018 жыл 11қаңтар  күні №9 орта мектеп мәжіліс залында білім бөліміне қарасты мектеп директорларымен  насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Есенов Сәкен Бөрібайұлы жолдаудағы әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінін, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда екенін, 76 қадам - 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциалық сауаттылықты дамыту, жоғары сыныптарды жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құруды. 79 қадам – мектептерде ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді. 89 қадам – Мәңгілік Ел құндылықтарын мектептерде қолданатынымыз жайында әңгімеледі. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданғанын, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалғанын, біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болғанымызды, биылғы жылы елордамыз Астананың 20 жылдығының аталып өтетініне тоқталып, жолдаудағы 10 ауқымды міндеттермен таныстырып өтті.

1.     Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2.     Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3.      «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

4.     Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5.      Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6.     Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7.     Адами капитал – жаңғыру негізі.

8.     Тиімді мемлекеттік басқару.

9.     Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

10.                                                              «Ақылды қалалар», «Ақылды ұлт» үшін.

Келесі сөз кезегін аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы С.Б.Иманалиева әр бағытты жете түсіндіріп, жеке тоқталып өтті. Ондағы цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамытуы, ІТ-стандартардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуы, инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту, білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болатынына тоқталды. Жүк қозғалысы онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет екенін де айтып өтті.

City Akimatнің білім бөлімінің әдіскері Ж.Ендібаев жолдаудың жетінші бағытына жеке тоқталып, ондағы білім берудің жаңа сапасы туралы анық айтып өтті. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет, ал, орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау жұмыстары жүретініне тоқталды. Барлық өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д- принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес – инкубаторларының желісін құрылатынын да қуана жеткізді. Орта мектеп пен колледждер және жоғарғы оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыруы қажет екенін айтты. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады. Қолданбалы ғылыми – зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етілетіні туралы айтылды.

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.Ғ.Қажығалиева оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі жайында жұмыс жасау керек екенін айтты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артатыны. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсетіні. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетінін айтып өтті. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсыратынын. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатынын. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болатынын түсіндірді.

Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсыратынын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары екенін түсіндірді.

Елбасының 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсыратынын айтты.

Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек екенін түсіндірді. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы курстарға барып, жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет екені айтылды. Біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз үшін жұмыс істеуіміз қажет екені айтылды.

Сөз соңында аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысы Сәкен Бөрібайұлы: «Көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам бастық. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрініп, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың мәртебесі биіктей берсін. Мен халқыма сенемін!»,- деген The presidentіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың даналы сөзімен-қорытындылады.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

9 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: