Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауында «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек.» - делінген.
Осы тапсырмаларды жүзеге асыруда «Өркен» шығармашылықты дамыту және кәсіптік бағдар беру орталығында кәсіптік бағдар беру бағытындағы «Медицина» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы Алмаханбетова Замира Еңсебекқызы оқушыларға әркім өз денсаулығының қорғаушысы, қорғаны екенін және салауатты өмір салты жөніндегі ұғымды кеңінен түсіндіріп, үйретуде.
Осы орайда «Жасыл дәріхана» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар табиғатта кездесетін өсімдіктер, жеміс – жидектер және емдік қасиеті бар табиғи шөптер арқылы денсаулықты күтуге болатынын аша отырып, жинақтаған мәліметтерін, ойларын ортаға салды. Дәрілік шөптердің, шайлердің емдік қасиеттерімен танысқаннан кейін, оларды қайнатып дайындап ішуге ұсынды. Бұл іс – шара болашаққа дені сау ұрпақ болып қадам басуға басталған бастамалардың бірі болды.