11-13 қараша аралығында Алматы қаласында ҮІІ республикалық «Ең үздік жыл психологы» байқауы өткізілді. Конкурстың басты мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады.Жалпы алғанда бұл байқауға 14 облыстан 96 педагог-психологтар (3 категориядан тұратын: І категорияда- 3 жылға дейінгі,ІІ категорияда- 3-6 жылға дейінгі,ІІІ категорияда -7 жылдан асқан жоғары еңбек өтілімен жұмыс жасайтын) қатысты. Осы орайда, облыстық кезеңінен І орынға ие болып,республика кезеңіне қатысуға жолдама алған Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Темірбек Қожакеев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының педагог-психологы Асубаева Гулзада Асановна І орын жүлдегері атанды және де Гүлзаданың «Арт-терапия оқушылдардың эмоционалдық саласын түзету құралы ретінде» деген тақырыптағы авторлық бағдарламасы үздік деп танылып, тұсауы кесілді.