Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде, атап айтқанда, 38 жалпы білім беретін мектептер мен 16 мектепке дейінгі білім мекемелері 2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгеруін нақтылай түсу мақсатында Жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасын өткізді. Іс-шараға барлығы 3707 адам қамтылды. Оның ішінде: мектеп мұғалімдері -1500, бөбекжай бақшаларының тәрбиешілері – 200, мектеп оқушылары -1996, білім бөлімінің әдіскерлері -11 болды.