№9 Владимир Савва атындағы ЖББМЛ аясында 2019 жылы наурыздың 5-нде «Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілетін қалыптастырушы бағалаудың түрлері және тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: «Қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын көрсету».
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Е.Усина және аудандық мектеп мұғалімдері қатысты. Семинарды мектеп директоры Б.Т.Қыстауов ашса, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Е.Усина: «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың түрлері» тақырыбында баяндама оқыды.
Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері К.А.Бектенбаева және Р.А.Идрисова 6 сынып оқушылармен өздерінің сабақтарын көрсетті. Сабақта формативті бағалау түрлері мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары жұмыс жүргізілді.
Семинарымыздың екінші жартысында, мектеп психологтарымен тренинг ұйымдастырылып, №20 ЖББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Б.Алдышева «Активные методы обучения» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Семинар жоғары методикалық деңгейде өтті. Аудан мұғалімдері білім қоржындарын толықтырып қайтты.