2019 жылдың 22 қаңтар күні Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «Халықарлық интернетсіз күн» акциясына байланысты «Интернетсіз бір күнімді қалай өткіздім» тақырыбында 1- 4 сыныптар арасында суреттер сайысы болып өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылардың суреттері мектептің фойесіне қабырғаға ілінді.
5-11 сынып оқушылары « Мен OFFLINE» тақырыбында ЭССЕ жазды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
«Халықарлық интернетсіз күн» тақырыбында сынып сағаттары және ата-аналармен әңгіме өткізілді.