«Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Меркі аудандық педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінде «Әлем бала көзімен» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Шараға жалпы 27 баланың қолөнер туындылары қойылды.
Көрмеге келгендер арасынан сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаты Ерназар Нартбаев, ата-аналар Шолпан Қалыбекова, Күлән Аяпбергенова т.б. тілектерін білдірді. Түзету кабинеті басшылығына, мамандарына, қамқорлық жасап отырғандарға ризашылығын жеткізді.
Қызықты өткен іс-шара барысында түзету кабинетінде тәрбиеленушілер Ринат Талғатұлының «Алатау», Руслан Мударистің «Тұлпарым» әндері, Алим Исмайловтың грузин биі көпшілік көңілінен шығып, риза етті.
Кездесуді қорытындылаған Гүлнарп Өтешова қонақтарға, қамқорлық көрсеткендерге алғыс айтты.