Qaz | Rýs | Engl
Меркі ауа райы C

Cоңғы жаңалықтар

09:33
АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «РОБОТОТЕХНИКА» РОБО-СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
17:58
МЕРКЕНСКИЕ ПЕДАГОГИ НА ПЬЕДЕСТАЛЕ ПОБЕДЫ
17:56
МЕРКІЛІК ПЕДАГОГТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
17:35
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
10:37
« МЕКТЕПКЕ ЖОЛ » ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
14:36
1 ИЮНЯ В ЧЕСТЬ МЕЖДУНАРОДНОГО ДНЯ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ НА ЦЕНТРАЛЬНОЙ ПЛОЩАДИ РАЙОНА РАЙОННЫМ ОТДЕЛОМ ОБРАЗОВАНИЯ БЫЛ ПРОВЕДЕН ПАРАД ДЕТСКИХ АНСАМБЛЕЙ
14:29
1 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ
10:43
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ
16:07
ҰБТ- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
16:20
КОНКУРС «КӨШБАСШЫ ӘДІСКЕР»
12:58
«НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ»
10:00
ТАПАЛОВ ДИМАШ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
12:38
ПРОВЕДЕН ВЕСЕННИЙ ДВУХМЕСЯЧНИК ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ, ОЗЕЛЕНЕНИЮ И САНИТАРНОЙ ОЧИСТКЕ
12:37
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
12:33
БЫЛ ПРОВЕДЕН РАЙОННЫЙ КОНКУРС ЮНЫХ ТЕХНИКОВ
12:31
ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:29
ЛУЧШАЯ ЧИТАТЕЛЬСКАЯ ШКОЛА
12:27
«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:25
РАЙОННЫЙ СЕМИНАР НА ТЕМУ: «ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ КУРСА «СВЕТСКОСТЬ И ОСНОВЫ РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ»
12:23
ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
Көп жаңалықтар
» » «Ауылым – алтын бесігім» атты Мұрат Әуезовпен кездесу

«Ауылым – алтын бесігім» атты Мұрат Әуезовпен кездесу

Жаңалықтар
1 314
0

  

 2017 жылы 31 қазан күні Меркі ауданы мәдениет үйінде «Ауылым –алтын бесігім» тақырыбында  белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы, әдебиет зерттеушісі Мұрат Әуезовпен кездесу  жиыны өткізілді.  Жиынға орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық білім мекемелерінің басшылары, мұғалімдер, еңбек ардагерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің  бұлай аталуы ұлы тұлғалардың жалғасы, Меркінің құрметті азаматы Мұрат Әуезовтың Меркі жерінде дүниеге келуі, кіндік кескен жерін қасиет тұтуында. Ресми жиын жастардың бойындағы  рухани құндылықтарын одан әрі дамыту, өнегелі тұлғадан сабақ алу мақсатында ұйымдастырылды.

Залға жиналған көпшілікке Мұрат Әуезовтың өмірбаянымен қатар еңбек жолдары  бейнеролик арқылы көрсетілді. Кездесудің бірінші бөлімінде концерттік бағдарламамен басталды. Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың көркем сөз шеберлері - мектеп оқушыларының орындауында А.Құнанбаевтың, М.Мақатаевтың, М.Шахановтың, Қ.Аманжоловтың шығармашылығынан  өлеңдер оқылды. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» әңгімесінің кіріспе бөлімін жатқа, көркем сөз оқығаны көпшілікке үлкен әсер берді. №9 ОМ оқушысы Абатбай Сымбат кеш қонағы  Мұрат   Әуезовке өзінің шығарған  арнауын оқыды.

Жиынның жалғасында президиумға кездесу қонақтары ғалым, қоғам қайраткері – Мұрат Әуезов Мұхтарұлы, аудан әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Абдраиымов Ғалымжан Райымұлы және баспа редакторы, журналист – Жаныбаева Қалдыгүл Әкімжанқызы шақырылды. Аудан әкімі жұртшылықты бүгінгі кездесудің қонақтарын таныстырумен, арнайы келген қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтың ұлылығын дәріптеумен өз сөзін бастады.

Әдебиет зерттеушісі, асылдың сынығы Мұрат Әуезов көрермендерге, оқушыларға ұлы Абай, Шәкәрім, әкесі Мұхтар Әуезов пен анасы Фатима жайлы тарихи мәліметтер, өзінің балалық кезінен естеліктер айтты. Жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласына байланысты ақпарат берді.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Райымұлы және журналист  Қалдыгүл Әкімжанқызы  Мұрат Әуезовтың жазған кітаптары, еңбектері мен дарындылығы жөнінде айта келе, Мұрат Әуезовке  қазақтың біртуар ұлдары, ұлы тұлғалардың жалғасы, асылдың сынығы деп баға берді.

Көркем сөз оқыған оқушыларға Мұрат Әуезов өзінің «Ділім» атты жаңа кітабын табыс етті.

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: