Заман талабына сай дарынды балаларды аңықтау және қолдау, оларды танымдық қызығушылықтарға ынталандыру, ұлттық құндылықтарды салт-дәстүрді дамытуға бағыттау, өнер тапқыштыққа талпындыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатта мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілер арасында «Асқақ ордам –Астанам» атты тақырыпта қолөнер шеберлерінің байқауы өтті.
Осы іс-шараға 18 - аудан мектептерінің шәкірттері қатысып, өз қолөнерлерін сарапшылар мен көрермендердің алдына ұсынды. Онда «Мұз қалашығы», «Пирамида», «Бәйтерек», «Экспо -2017ж», «Ақорда», т.б. макеттерді қағаздан, ағаштан, мақтадан, әйнектен, пластмассадан, матадан және басқа да заттардан жасаған бұйымдарды қандай мақсатта жасағандарын көрсетіп, түсіндірді.
№7 мектеп «Мұз қалашығы» макетін мақтадан, №18 мектеп «Пирамида» макетін әйнектен, №11 мектеп «Экспо- 2017ж» жіпті шарға орау әдісін көрсетіп, көрермендерді таңқалдырды.
Байқауға қазылық еткен аудандық «Балабақша» әдіскерлері мен аудандық білім бөлімінің мектепалды даярлық сыныбының әдіскері Г.Сансызбаева қазылық жасап, оқушылардың еңбектерін бағалап, аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасын табыстады.
III - орынға №44 мектеп, II-орынға №11 мектеп, I-орынға №18 мектеп лайық деп танылып, бас жүлдені №7 мектеп иеленді. Басқа да мектептер номинациялармен марапатталды. Осы іс-шара жоғары деңгейде өтілді. Ата-аналар тарапынан ризашылықтарын білдірді.