2019 жылдың 30 қаңтар күні Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің, меркі АІІБ –нің ЖПҚБ-нің , Жастар денсаулық орталығының» қатысуымен мүдделі ведомствоаралық «Мирас» атты кешенді алдын алу іс шаралары № 28 жалпы білім беретін мектебінде 8,9,10 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, кездесу өткізілді.Жиынның мақсаты: жасөспірімдердің арасында келеңсіз оқиғалардың,зиянды заттардың, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында «Құқықтық тәртіп бұзу- болашағыңа балта шабу» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылық алдын алу және балалардың қараусыздығы мен панасыздығын болдырмау, жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар ,күйзеліс,мазасыздық деңгей туындағанда тікелей мектеп психологынан кеңес алу, “Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама” деген ұранмен ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны туралы айтылды.